29
ноябрь
2023
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ"
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ" орталығы бойынша МДШО бар Кәлпе орта мектебінде "Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу" тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;
2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.
@rumcdo_official#ЖетісуОблысыДебат
@zhetysu_bilim_baskarmasу