05
декабрь
2020
Ата-аналарды Digital ID арқылы тіркеу бойынша ақпарат
Ата-аналарды Digital ID арқылы тіркеу бойынша ақпарат
Құрметті ата-аналар мен оқушыларОрта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары 2021жылғы 15 және 20 қаңтар аралығында өткізілетін ЕНТ-ға қатысу үшін ағымдағыжылғы 1 және 15 желтоқсан аралығында өтініш береді. Жеке басынкуәландыратын құжатынан «жеке куәлігі» немесе «паспорты» бар оқушыларОрталық сайты арқылы өтінішті онлайн режимде береді. Осыған орай, жекекуәлігі немесе паспорты бар, бірақ жасы 18-ге толмаған оқушылар өтінішберуді тек ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана жүзеге асырады.Сондықтан, бұл тұлғалардың ата-анасы немесе заңды өкілі (ата-анасының 1-уі)ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін did.gov.kz сайты арқылы тіркелуі қажет. Ата-ана немесе заңды өкіл өзінің жеке профилін Digital ID-де төмендегіқадамдар жасай отырып құрады:
1) Ата-ана немесе заңды өкіл did.gov.kz сайтынакіреді;
2) Ата-ана немесе заңды өкіл өзінің телефон номерін енгізеді;
3) Ата-ана немесе заңды өкіл өзінің ЖСН-н енгізеді;
4)Ата-ана немесе заңды өкіл өзінің бет-әлпеті профилінбейнесәйкестендіруден (видеоидентификация) өткізеді;
5) ЕНТ тапсыратын баласының атын және ЖСН-н көрсетеді
.Ескерту: - жеке Digital ID профилін құрған ата-ана немесе заңды өкіл өзініңпрофилін баласы ЕНТ-ға кіргенге дейін жоймауға тиіс;- егер ата-ана немесе заңды өкіл өзінің жеке Digital ID профилін жоймағанболса, онда оқушының жылына 4 рет өткізілетін ЕНТ-ға тіркелуі үшін ата-ананемесе заңды өкілдің осы келісімі жарамды болып есептеледі.
registracija-dlja-roditelejcherez-digital-id-kaz.pdf [118,42 Kb] (cкачиваний: 5)
Посмотреть онлайн файл: registracija-dlja-roditelejcherez-digital-id-kaz.pdf