29
ноябрь
2023
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ"
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ" орталы бойынша МДШО бар Кәлпе орта мектебінде "Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі" тақырыбында 10-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. 2-сабақ.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту
Міндеттері:
• Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
• Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
• Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
• Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
@rumcdo_official#ЖетісуОблысыДебат
@zhetysu_bilim_baskarmasу