Жаңа жылдық ОТШАШУ кезінде МҰНЫ білмегеніңіз жарамас » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдық ОТШАШУ кезінде МҰНЫ білмегеніңіз жарамас
22
декабрь
2021

Жаңа жылдық ОТШАШУ кезінде МҰНЫ білмегеніңіз жарамас

‼️‼️‼️Жаңа жылдық ОТШАШУ кезінде МҰНЫ білмегеніңіз жарамас

📢📢📢Аз күндерден соң тағы бір жаңа жылдың есік қағып келері анық. Ал бұл мерекені отшашусыз елестету мүмкін емес. Әсіресе балалардың жаңа жылда асыға күтетін себебінің бірі сыйлық болса, екіншісі – отшашу. Ал бұрындары теледидардан ғана көретін неше түрлі отшашулар, бүгінгі таңда кез келген сауда орындарынан табылатын қолжетімді тауарға айналған. Сондай-ақ біршама уақыт алдын отшашулар тек үлкен мерекелік іс-шараларда қолданылса, қазіргі кезде туылған күн, үйлену, қызға ұсыныс жасау т.б жекеменшік мейрамдардың басты сәніне айналған. Алайда мереке сән қосатын, көңілге қуаныш сыйлайтын көздің жауын алар отшашуларды пайдалану кезінде жылда қаншама адам жарақат алып, күйіп қалып т.б түрлі жағдайларға тап болып жатады, әсіресе балалар. Осындай келеңсіз жағдайларды болдыртпай, оның алдын алу үшін, пиротехниканы пайдаланғанда аса мұқияттылық пен сақтық таныту керек.
📢📢📢Пиротехниканы пайдаланудағы сақтық шараларын біле жүріңіздер:
Отшашуды пайдалану үшін тұрғын үйден кемі 15 метр алшақтықты құрайтын алаңқай таңдап алыңыз.
Отшашуды үйдің шатырынан, балкон немесе лоджиядан, сондай-ақ кез-келген үйге жапсарлас салынған үйдің бір бөлігінен, газ құбырлары мен машина және электр сымдары жүрген аумаққа да мүлдем ұшыруға болмайды;
Пиротехниканы пайдаланбас бұрын сыртқы түріне назар аударған дұрыс, яғни сыртқы тұрқында ешқандай жарық немесе мыжылған, майысқан жер болмауы тиіс.
Сыртында жазылған нұсқаулықты міндетті түрде мұқият оқып шығу қажет;
Пайдаланылған пиротехниканың жанына келесісін апарып қоймаңыз.
Екіншісін бірінші орыннан алшақ орналастырыңыз.
Отшашуды пиротехника қойылған жерден 30-40 метр алшақтықта, қауіпсіз аймақта тұрып тамашалаған дұрыс;
Білтесін қолды созып тұрып жағу керек немесе тұтанып тұрған бенгаль шамын пайдаланған жөн;
Кез-келген пиротехниканы қолда ұстап тұрып жағуға болмайды.
Жерге немесе қарға мықтап орнатып алу керек.
Рим балауызын 3/2 бөлігін топыраққа қадап немесе қазыққа байлау керек.
Бұл – оны жаққан кезде бағытын өзгертіп өзге жаққа шашырап қауіп туғызбас үшін қажет.
@karatal_raioo 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив