Әкімшілік » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2020

Әкімшілік

Бүгін – Білім күні
Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.
COVID-19 індетінің салдары денсаулық саласына ғана емес, сондай-ақ білім саласына да айтарлықтай өзгерістер алып келді. Биыл көктемде оқушылар IV тоқсанды қашықтан оқуға мәжбүр болды. Ал жаңа оқу жылында қандай өзгерістер енгізілді.
Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Мектептер 8 интернет платформаларын тиімді пайдаланып, сол бойынша сабақ жүргізе отыра, онымен қатар оқушыларға тәлімді тәрбие берудің озық үлгісін көрсету арқылы жаңа заманның түзу көзқарасты баласын қалыптастыруда ұстаз еңбегін қиындығына тоқтала келе ,талмай еңбектене беріңіздер деп атап өткім келеді. Мектептерде Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар өткізілу барысында біршама өзгерістер енгізді. Жаңа оқу жылында ел үкіметі «кезекші сыныптар» ашуға рұқсат берді. Яғни, ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сыныптар үшін осындай сыныптар ұйымдастырылды. Алайда, арнайы талаптары бар. Кезекші сыныптағы бала саны 15-тен аспайды.
- үзілістер әртүрлі уақытта болады;
- сабақ басталуы да әр сынып үшін әр уақытта;
- сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
- санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек;
- балалар тек 1 кабинетте ғана оқиды. Бір кабинеттен басқа кабинеттерге барып оқытуға жол берілмейді.
Осы қойылған талап-міндеттерді орындау білім саласындағы бүгінгі күннің талабы.
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап тәрбиелейік,құрметті ұстаздар.
«Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым», - деп Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді,көзі ашық,шығармашыл болу үшін,тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сондықтан ұрпағымыз ұқыпты болса,болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық.
МДШО бар Кәлпе орта мектебінің мұғалімі Г.С.Таукебаева 

Похожие публикации:

29 сентябрь 2020 Әкімшілік
02 сентябрь 2020 Әкімшілік
02 сентябрь 2020 Әкімшілік
02 сентябрь 2020 Әкімшілік
23 июль 2020 Әкімшілік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив