"Тиімді тамақтану" ашық есік күндері МДШОБ Кәлпе орта мектебі
МДШОБ Кәлпе орта мектебі
Мектепте 2020 жылдың 27 қаңтар -27 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» республикалық іс шаралары ұйымдастырылды.
Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген. Мектеп асханасында тиым салынған тағам түрлері ілінген.
Санитариялық қағидалардың 111- тармағында «Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайым тағамның шығымы көрсетіледі...»-деген талап бойынша күнделікті ас мәзірі басшының қолы және мөрімен бекітіліп ілінген.
Тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай.
27 қаңтар -27 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс шарасы аясында мектепте «Тиімді тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында ашық есік апталығы ұйымдастырылды. Ата- аналар мектеп асханасындағы тамақ түрлерін, тазалығын көріп, өз пікірлерін білдірді. Мектеп медбикесі тез даярланатын тағамдардың кері әсері туралы лездеме өткізіп, оқушыларға тиімді тамақтанудың 12 қағидасын ұстану маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. «Дұрыс тамақтана білеміз ба» тақырыбында сауалнама алынып, қорытындысы жасалды.