02
сентябрь
2020
Администрация
Бүгін – Білім күні
Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.
COVID-19 індетінің салдары денсаулық саласына ғана емес, сондай-ақ білім саласына да айтарлықтай өзгерістер алып келді. Биыл көктемде оқушылар IV тоқсанды қашықтан оқуға мәжбүр болды. Ал жаңа оқу жылында қандай өзгерістер енгізілді.
Бүгін елімізде жаңа оқу жылы басталады. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Школы 8 интернет платформаларын тиімді пайдаланып, сол бойынша сабақ жүргізе отыра, онымен қатар оқушыларға тәлімді тәрбие берудің озық үлгісін көрсету арқылы жаңа заманның түзу көзқарасты баласын қалыптастыруда ұстаз еңбегін қиындығына тоқтала келе ,талмай еңбектене беріңіздер деп атап өткім келеді. Школыде Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар өткізілу барысында біршама өзгерістер енгізді. Жаңа оқу жылында ел үкіметі «кезекші сыныптар» ашуға рұқсат берді. Яғни, ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сыныптар үшін осындай сыныптар ұйымдастырылды. Алайда, арнайы талаптары бар. Кезекші сыныптағы бала саны 15-тен аспайды.
- үзілістер әртүрлі уақытта болады;
- сабақ басталуы да әр сынып үшін әр уақытта;
- сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
- санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек;
- балалар тек 1 кабинетте ғана оқиды. Бір кабинеттен басқа кабинеттерге барып оқытуға жол берілмейді.
Осы қойылған талап-міндеттерді орындау білім саласындағы бүгінгі күннің талабы.
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап тәрбиелейік,құрметті ұстаздар.
«Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым», - деп Ы.Алтынсарин атамыз нық сеніммен айтып өткендей болашақ ұрпағымыз білімді,көзі ашық,шығармашыл болу үшін,тынбай білім алып,тынбай еңбектену керек. Сондықтан ұрпағымыз ұқыпты болса,болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық.
МДШО бар Кәлпе орта мектебінің мұғалімі Г.С.Таукебаева