14
февраль
2023
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.Биыл КСРО әскерінің Ауған жерінен шыққанына 34 жыл. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды, олардын 889-майданда қаза тапты, 30- ға жуық хабар-ошарсыз кетті, 3 мыңға жуығы елге мүгедек болып оралды. Қаншама Қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.Сондықтан мектебімізде жыл сайын он жылға жуық созылған соғыста қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, еске алу кеші өтеді.Бүгін,мектебімізде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан Ауған соғысы ардагері Сәбір Берік Нұртайұлы қатысты.
Шара ең алдымен 71 жасында дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагер өз ойымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
@rumcdo_official#ЖетісуОбQR Oqu-ağartu ministrlıgı RQBBOÄOаржылы
@rumcdo_official
@karatal_bilim QR Oqu-ağartu ministrlıgı RQBBOÄO