МДШОБ Кәлпе орта мектебінің білім алушыларының тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия есебі.
МДШОБ Кәлпе орта мектебінің білім алушыларының тамақтану сапасына мониторинг
жүргізу жөніндегі комиссия есебі.
Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптарҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген.
Санитариялық қағидалардың 111- тармағында « Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі...»-деген талап бойынша күнделікті ас мәзірі басшының қолы және мөрімен бекітіліп ілінген. Аталған қағидалардың 116-тармағында«С» витаминімен витаминдеуді журналға енгізе отырып,"С" витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін –70мг мөлшерінде беріледі.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі санитарлық талапқа сай. Асхана ыдыстармен толық қамтылған, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай.