Әдістемелік жұмыстар » Страница 4 » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәні саудын -жаны сау"
11
октябрь
2021
"Тәні саудын -жаны сау"
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде Дүниежүзілік психикалық денсаулықты сақтау күніне орай "Тәні саудын -жаны сау" тақырыбында 5 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жаттығуы өтті.@karatal_raioo 
"Сау бол және күлімде"
11
октябрь
2021
"Сау бол және күлімде"
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай "Сау бол және күлімде" челленджі ұйымдастырылды. 
"Орда" дебат клуб мүшелерінің қатысуымен "
07
октябрь
2021
"Орда" дебат клуб мүшелерінің қатысуымен "
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде қыркүйек айының 22 күні "Орда" дебат клуб мүшелерінің қатысуымен "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ой-пікірлерін белсенді қорғай білу, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
"Электр қауіпсіздік негіздері"
20
сентябрь
2021
"Электр қауіпсіздік негіздері"
Алматы облысы Қаратал ауданы МДШОБ Кәлпе орта мектебінде балалар арасында жарақаттанушылықты болдырмау мақсатында мектебімізде "Электр қауіпсіздік негіздері" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаттары барысында оқушыларға электр қуаты, электр тоғымен зақымдау себептері, энергетикалық объектілер маңында жүру тәртібі туралы мағлұматтар беріліп, оқушыларды электр тоқпен зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету шаралармен таныстырылды. @karatal_raioo 
«Жасөспірім»
20
сентябрь
2021
«Жасөспірім»
2021 жылдың 13-19 қыркүйек күндері МДШОБ Кәлпе орта мектебінде «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының кешкі уақытта жүрулеріне жол бермеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларымыздың беймезгіл уақыттарда көшеде жүрмеулерін қадағалау үшін көшелерге рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында кешкі уақытта жүрген оқушылар анықталмады.
«Тазалық күні»
18
сентябрь
2021
«Тазалық күні»
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде өткізілген сенбілікке АҚПАРАТ 18 қыркүйек күні Республикалық акция «Тазалық күні» барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектептің ауласы мен іргелес аумақтарын абаттандыру, шырайын әрлендіру, тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында сенбілік өткізілді. Індетке байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп ауласы қоқыстардан тазартылып,
"Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!"
03
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!"
Алматы облысы Қаратал ауданы МДШОБ Кәлпе орта мектебінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар аясында бүгін "Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!" тақырыбында диктант жұмысы жүргізілді. 
"Білім күні"
01
сентябрь
2021
"Білім күні"
Алматы облысы Қаратал ауданы МДШОБ Кәлпе орта мектебінде 1-қыркүйек "Білім күні" іс-шарасы дәстүрлі форматта өтті. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын "Кел, балалар, оқылық!" тақырыбында "Әліппе" оқулығын табыстаумен санитарлық талаптарды сақтай отырып мектеп ауласында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры С.М.Калыкова алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді.
Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері"
31
август
2021
Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері"
Алматы облысы Қаратал ауданы МДШОБ Кәлпе орта мектебінде 1-11 сынып аралығында сынып жетекшілер "Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
"Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік"
11
август
2021
"Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік"
Алматы облысы Қаратал ауданы МДШОБ Кәлпе орта мектебінде "Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша өз ойын еркін жеткізе білген Төлепбек Айнур анықталды.