15
октябрь
2021
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде қоғамдық -гуманитарлық бағыт пәндерінің онкүндігі өтті.
МДШОБ Кәлпе орта мектебінде қоғамдық -гуманитарлық бағыт пәндерінің онкүндігі өтті. Ондағы мақсат: ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы оқушылардың білім деңгейін толықтыру, кеңейту, белсенділігін арттыру. Тарих пәнінің мұғалімі Қ.М.Ниязалина 9 сыныпта "КССР -ң экономикалық шикі затқа бағытталды " тақырыбындағы ашық сабағына АТК-ны тиімді пайдаланды. Оқушылар нақты фактілер келтіре отырып, дәлелді де толық жауап беріп отырды. Тарихты білу-еліміздің дамуын білу деген сөз деп ұғынады шәкірттер.
