09
декабрь
2023
08 желтоқсан күні Жетісу облысы, Қаратал ауданы, МДШО бар Кәлпе орта мектебі базасында
08 желтоқсан күні Жетісу облысы, Қаратал ауданы, МДШО бар Кәлпе орта мектебі базасында Қаратал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының өзектілігі” тақырыбындағы тәжірбиелік алаңы өтті. Атаулы іс-шарада бірнеше мектеп ұжымының бірлесуімен коучинг, шебер сыныптар өткізілді. Атап айтқанда, Кәлпе орта мектебі, Қ.Байсейітов атындағы орта мектебі, Жамбыл орта мектебі және Қарашеңгел орталау мектебі мамандары тақырыпқа сай өз шеберліктерін таныта білді. Өткізілген шараның басты мақсаты Тәрбие жұмысын жандандыруда жаңа әдістер мен оқу-жаттығуларының ақпараттық кеңістігін құру, тәрбие жүйесін шебер сынып үлгісінде таныстыра отырып, қарым - қатынастық құзыреттілікті арттыру, іс-тәжірибе тарату болып табылады.@rumcdo_official#ЖетісуОблысыДебат
@zhetysu_bilim_baskarmasу
Все реакции:7Гулшат Таукебаева, Людмила Котова и ещё 5