Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.
14
февраль
2023

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі.Биыл КСРО әскерінің Ауған жерінен шыққанына 34 жыл. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды, олардын 889-майданда қаза тапты, 30- ға жуық хабар-ошарсыз кетті, 3 мыңға жуығы елге мүгедек болып оралды. Қаншама Қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.Сондықтан мектебімізде жыл сайын он жылға жуық созылған соғыста қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, еске алу кеші өтеді.Бүгін,мектебімізде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан Ауған соғысы ардагері Сәбір Берік Нұртайұлы қатысты.
Шара ең алдымен 71 жасында дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагер өз ойымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. 
@rumcdo_official#ЖетісуОбQR Oqu-ağartu ministrlıgı RQBBOÄOаржылы
@rumcdo_official


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив