ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!! » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!!
11
октябрь
2022

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!!

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығымен бекітілген мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес, 2023 жылға мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», жастар практикасы) ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмыс берушілерден ӨТІНІМДЕР қабылдау 2022 жылғы 1 қарашаға дейін «Электронды еңбек биржасы» (www.enbek.kz ) ақпараттық порталы (ЭЕБ) арқылы ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
2022 жылғы 3 қазаннан бастап ЭЕБ-да 2023 жылға ӨТІНІМДЕР қабылдау басталды.
Жұмыспен қамту ОРТАЛЫҒЫ үшін «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы ҚАҒАЗ ФОРМАТТА өтінімдерді қабылдауға, шарттар жасасуға және бос жұмыс орындарын орналастыруға қолжетімділік ЖАБЫЛАДЫ. Яғни, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру бойынша өтінімдер тек электронды форматта қабылданады.
Аталған бұйрыққа сәйкес:
- жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға бір жылдан астам жұмыс істейтін, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер жіберіледі;
- облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада қызметін жүзеге асыратын жұмыс берушілер, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жыл ішінде бір рет қатысады.
Қажетті ақпараттар үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тел. 21248, 21183, 21839, 22847 хабарласып, кеңестер алуыңызға болады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив