📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! » Кәлпе орта мектебі
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Кәлпе орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!
04
август
2021

📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

💬 БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕКЕНДІКТЕРІҢІЗДІ ЕСКЕ САЛАМЫЗ!

🟢АТА-АНА МІНДЕТТІ:

✅Баласының тәрбиесімен айналысуға;

✅Баласының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға;

✅Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар, заңды өкілдер балалардың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.

✅Балаларды тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін қорлайтын немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті болғызбауға тиіс.

✅Өз баласының құқығын бұзатын ата-аналар мен заңды өкілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

🟢ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127 бабына сәйкес – ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің бала күтімі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

🟢Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 141 бабына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

📢Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!

🟢Балалардың дені сау болуы үшін күнделікті өмірде оның тұрмыстық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар ережелері мен шарттарын есте сақтау қажет:

✅балаңыздың бойындағы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз;
✅ өмірінсақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріп, балаңызбен жеке әңгімелесу өткізіңіз;
✅Есте сақтаңыз! Кешке және түнде (жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) балаларға көшеде ересектердің қарауынсыз болуға заң жүзінде тыйым салынады;
✅баланың қайда және кіммен бірге жүргенін екенін үнемі біліп, балалардың тұратын жерін бақылаңыз;
✅бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Егер балаға «біреу» оған зиян тигізгісі келсе, «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;
✅балаңыздың қатысуымен қандай жағдай орын алса да, сіз оқиға туралы білуіңіз керек екеніне сендіріңіз. Ешқандай жағдайда оған ашуланбаңыз. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив