10
June
2020
Administration
Мұғалім мамандығы- қиыны мен қызығы көп, өмір бойы ізденуді қажет ететін мамандық. Болашақтың тұтқасын ұстайтын ұрпақты ұлтжанды етіп тəрбиелеу, олардың бойына адамгершілік пен адалдық қасиетін қалыптастыру, терең өміріне қолданатын білім беру - ұлағатты ұстаздың басты міндеті болып саналатыны баршаға аян.
Өмірдің осы қарбаласында мұғалімнің ерен еңбегін бағалауға атсалысатын, қажет кезде жоғын жоқтап, сөзін сөйлейтін, əділетті шешім шығаруға атсалысатын ұйымның бірі -білім қызметкерлерінің кəсіподағы. Қаратал ауданындағы осы ұйымды бір жарым жыл көлемінде Абақов Берік Нұртайұлы басқарып келеді. Осы мерзім аралығында оқушылар қатысатын дəстүрлі Мұқағали, Абай, Ілияс оқуларында бас жүлде, бірінші орын алған балаларға кəсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табыс етіліп жүр. Өткен оқу жылында " Ұстаз болғым келеді" облыстық конкурсына ауданнан төрт жеңімпаз оқушыны жетекшілерімен тегін апарып қайтты. "Қуанса, бала қуансын" деген ұстанымдағы жанашыр жандарға қалай риза болмассың?! Жазғы кезекті демалыстарында да əр мектептен бірнеше мұғалім санаторийлерге жолдамалар алып жүргенінің де куəсіміз.
Алдымыздағы аптаға "Жəркент-Арасанға" маған да бір апталық 50 пайызбен жолдама берілді. Көп жылдық еңбегімізді елеп, демалуға жағдай жасауға атсалысқан МДШОБ Кəлпе мектебі кəсіподағының төрағасы Т. Арынбаев мырзаға жəне аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұжымына өз атымнан ризашылығымды білдіріп, жұмыстарының жемісті болуына тілектеспін.
Алмахан Шакиева
Кəлпе орта мектебінің мұғалімі.